ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өткендей, елімізде көктемнен бері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бағдарламасы жүріп жатқаны белгілі. Бұл тұтас халықты ұйыстырған берекелі бастамаға айналды. Шымкент қаласының тұрғындары «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасын қызу қолдап, экологиялық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып жатыр.
Бүгінгі таңда қалада қоршаған ортаның тазалығына, экологияның жақсаруына, қаланың көркейіп, тұрғындардың денсаулығына тікелей әсер ететін шараларға ерекше мән берілуде. Әсіресе «Таза Қазақстан» акциясы аясында өтіп жатқан сенбіліктер қала тұрғындарының арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, табиғатқа деген жауапкершілікті арттыруда маңызды рөл атқарып келеді.
Халық даналығында «Тазалық – иманның жартысы» деген нақыл сөз бар. Бүгін Қазығұрт шағын ауданындағы №86 мектептің маңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шара барысында мектеп аумағы мен оның айналасындағы көшелер қоқыстан тазартылып, ағаштарға күтім жасалды. Акцияға мектеп оқушылары, мұғалімдер, ата-аналар және жергілікті тұрғындар белсене қатысты. Тұран ауданы коммуналдық мекемесі мен «Шымкентспецкомплекс» ЖШС жұмысшылары арнайы техника, құрал жабдықтарымен жұмылдырылды.
-Кез келген сенбілік тек қоқыс жинаумен ғана шектелмейді. Ол адамдарды біріктіруге, ұйымшылдыққа тәрбиелейді. Ортақ істі қолға алған әрбір адам қала тазалығына өз үлесін қосу арқылы өзара түсіністікті, ауызбіршілікті нығайтады. Тұрғындары осы сенбіліктер арқылы ортақ мүдде жолында біріккенде, нәтижесінде таза әрі әдемі қалаға айналады. Мұндай шаралардың тәрбиелік мәні зор, балаларға үлгі көрсетіліп, қоршаған ортаны қадірлеуге үйретеді. Әр сенбілік қаламыздың көркеюіне үлес қосатын қадам, ал экологиялық мәдениет қалыптастыру болашақ ұрпаққа жасаған қамқорлығымыз деп білеміз, — дейді аудан тұрғыны Айша Әлжанова.
Айта кетейік, «Таза Қазақстан» акциясы уақытша шара емес, бұл – ел болашағы үшін маңызды бастама. Мұндай бастамалар тек акциялармен шектелмей, тұрақты түрде ұйымдастырылып, жалғасып тұруы қажет шара.
Пандемияға байланысты елімізе болып жатқан жағдай кезінде мемлекетіміздің көмекке мұқтаж жандарды назардан қалдырмай, қол ұшын беріп жатқанына алғыс айтқым келеді. Қапзіргі таңда бала күтімімен демалыста үйде отырмын. Үш баланың анасымын. Күйеуім бүгінде еңбектеніп, өзін-өзі жұмыспен […]
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков кезекті аралау барысында №65 жалпы орта мектебіне барып, жаңартылатын энергия көздерін қолдану бойынша пилоттық жобаның іске асырылуымен танысты. Бұл – жаңартылатын энергия көздері орнатылған алғашқы мемлекеттік нысан. Өндірілген электр энергиясының […]
Шымкент қаласының аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының қызметкерлері, жергілікті полиция қызметкерлері және аудандық әкім аппараттарының кәсіпкерлікті қолдау бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторинг топтары Шымкент қаласының Жібек Жолы, Рысқұлов, Алдияров, Мақталы, […]
Пікір қалдыру