ТҰРАН АУДАНЫ ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫН ПЫСЫҚТАДЫ

Санаулы күндерден соң қылышын сүйретіп қыста кірмекші. Көп те емес, небары бір аптадай уақыт қалды. 2025 жылмен бірге енгелі тұрған жаңа жыл қалай болмақ? Қазекең жақтыра бермейтін жануардың жайлы болуы мүмкін бе? Десе де, қазақ атамыз қай кезде де қысқа қарқынды қамдану керектігін ертеден ескертіп-ақ кеткені бәріне мәлім. Міне бізде «Қыс арбаңды, жаз шанаңды сайла» — деп ата-бабамыз айтқандай, қысқы жол мен жылыту кезеңіне дайындық бүгінде басты мәселенің бірі болғандықтан аудан әкімі арнайы тексерді.

Тұран ауданының әкімі Берік Айдарұлы қысқы маусымға дайындық жұмыстарын жан-жақты пысықтап, коммуналдық қызметтердің қысқы жол тазалау жұмыстарына дайындығын тексерді. Аймақ тұрғындарының қауіпсіздігі мен қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті ресурстар мен техника уақытылы бөлінді.

🔹 «ШымкентСпецКомплекс» ЖШС:
• 66 бірлік арнайы техника
• 2700 тонна тұз қоры
• 2530 м³ құм дайындалған
🔹 Тұран коммуналдық мекемесі:
• 27 арнайы техника бірлігі
• 630 тонна тұз қоры
• 3307 м³ құм қоры
Барлық қажетті материалдар мен техникалар уақытылы әзірленіп, жауапты мекемелер қысқы маусымның тұрақты әрі қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге дайын.
Қазақстанда республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының желісі 25 мың шақырымды құрайды, оның 3,6 мың шақырымы реконструкция мен күрделі жөндеуден өтіп жатыр, ал қазір қолданыста 21,4 мың шақырым жол, оның ішінде 3,2 мың шақырым ақылы учаскелер бар. Республикалық автожолдарға жыл бойы қызмет көрсетуді «ҚАЖсервис» ЖШС жүзеге асырады.
ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев атап өткендей, қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау аса күрделі және тыңғылықты дайындықты талап етеді. Осы уақытта операциялық компаниялар түрлі аймақтың күрт өзгеретін климаттық жағдайында жедел әрекет етуге дайын болуы керек.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*