Білім беру саласында қызмет атқарғысы келетіндерге лицензия алу тәртібі туралы толық ақпарат:
Өтініш иесі «электрондық үкіметтің»www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы арқылы өтінішті білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарға сәйкестікті растайтын құжаттарды жолдайды.
Департамент қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Өтініш иесі құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда департамент екі жұмыс күні ішінде өтінішті одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды, өтініш иесінің порталдағы «жеке кабинетіне» жібереді.
Департамент өтініш иесінің құжаттары толық топтамасы ұсынылған кезде лицензияны және оған қосымшаны беру, лицензияны және/немесе оған қосымшаны қайта ресімдеу кезінде заңды тұлға-лицензиатты бөліп шығару немесе бөлу нысанында қайта ұйымдастыру кезінде құжаттарды тіркеген сәттен бастап 22 жұмыс күні ішінде құжаттардың біліктілік талаптарына (министрліктің 24.11.2022 ж. №473 бұйрығы)сәйкестігін тексереді, бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізеді, сараптама қорытындысын қалыптастырады және оны білім беру қызметін лицензиялау жөніндегі комиссияның қарауына ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартудың негізі анықталған кезде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы алдын ала шешім бойынша өз ұстанымын білдіруі үшін тыңдаудың уақыты мен орны (әдісі) туралы хабарланады.
Тыңдау рәсімі Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес жүргізіледі.
Қажетті құжаттар:
⁃ білім беру ұйымының басшысы бекіткен үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарларының көшірмелері;
⁃ педагог, оқытушы және басшы кадрлармен жасақталуы туралы мәліметтер;
⁃ оқу, көркем және ғылыми әдебиет қорының болуы туралы мәліметтер;
⁃ медициналық пункттермен қамтамасыз етілуі және білім беру немесе денсаулық сақтау ұйымының медициналық қызметке лицензиясының болуы туралы мәліметтер;
⁃ санитариялық қағидаларға сәйкес келетін тамақтандыру объектісінің және тамақтану объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының болуы туралы мәліметтер;
⁃ меншік немесе шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару немесе сенімгерлік басқару құқығын растайтын құжаттардың немесе ғимаратты жалға алу шартының көшірмелері, оның ішінде объектіні пайдалануға қабылдау актісінің, санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмелері, білім беру ұйымдары үшін өрт аудитінің қорытындысы (біржолғы қорытынды);
⁃ педагогтер мен басшы кадрлардың пәннің бейініне, білім беру бағдарламаларына сәйкес біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткені туралы мәліметтер және басқалар.
Білім беру саласында қызмет көрсету үшін осы талаптарға сай құжаттарды дайындау – сәтті лицензия алудың маңызды қадамы.
Түркістан облысы білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Алматов Ғалымжан Бауыржанұлы
Пікір қалдыру