ШЫМКЕНТТІК ҚАРИЯНЫҢ ҚАЛАНЫ АБАТТАНДЫРУҒА АТСАЛЫСҚЫСЫ КЕЛЕДІ

Бұл жайлы Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың, Ақтас тұрғын алабында халықпен кездесу барысында мәлім болды.

Жайлау ақсақалдың айтуынша, Шымкенттің түстік бетін жағалай Өзбекстаннан келген қандастар қонған. Олардың көбі егін егу ісін шебер меңгерген. Сондықтан шымшаһарды абаттандыруға олардың күшін қолдануды ұсынды.

«Қайнарбұлақ дачасы жақта жүз-екі жүз гектар жер жатыр. Тең жарымының ағашы жоқ. Ақтастың үсті жағындағы әскери бөлімнің арғы жағындағы жерге қара ағаш егкен. Сол қара ағаш бар ма, жоқ па? Жоқ. Арзымай шықты, жарымы да жоқ. Бұдан бөлек үш мың гектар жерді көгалдандыруға ажыраттыңыздар. Бірнеше жыл болды, қазір бос жатыр. Осы орайда, менің айтқым келгені мұндағы қандастарыңыздың барлығы жердің тіін біледі. Не егу қажет екенін, қалай егетінін жақсы біледі. Сол себепті, әлгі жерлерді қандастарыңызға жалға берсеңіздер. Күшіне, шамасына қарап бөліп беріңіздер. Бірақ жерді сатпаңыздар, ұзақ жылға жалға берсеңіздер де жетеді. Қажет болса, біз үкіметке егіннің жоспарын да тапсырайық. Сулы жер болса тіпті, «мынаны ег деп» тапсырма берсеңіздер де болады. Қадастарды барлығы егеді, қолынан келеді»,- дейді Жайлау ақсақал.

Сонымен қатар, қала жанынан ағып өтетін Арыс, Бадам, Ақсу өзендері жағасындағы жерлерге көкөністің түр-тұрін егіп жеуге болады. Алайда, бүгінде онда жоңышқа ғана егіліп, мал азығы дайындалып жатыр екен. Қазірде қала халқы жылыжайа дәрінің арқасында піскен қызанақ жеуге мәжбүр. Одан қалды шетелден импортталып келіп жатқан көкөністерді жеуге тура келіп отырғанын, мәселен, қызанақ-қиярың Өзбекстан мен Қырғызстаннан келіп жатқанын алға тартты.

«Сол бізге жарасады ма? Әрине жоқ. Өткен ғасырдың 50-60 жылдары сайларда қаулап өскен қамытың арасы ылғалды лай болатын. Ол кезде ағынды су көп еді. Қазір ағынды су да тапшы. Тарылып жатыр. Бұлақтың бәрі таудан басталады. Яғи, судың бәрі сонда. Қазірде Қазығұрт тауының арғы бөктері де, бергі бөктері де жалаңаш жатыр. Су енді болмайды азая береді. Ол үшін біз сол Қазығұрт тауының қос бөктерін ағашқа толтыруымыз керек. Жеміс ағашын егсек дұрыс болар еді. Мысалы, маған беріңіздер 100 гектар. Мына жерге жеміс ағашын ег десеңіздер, мен істеймін»,- деді қария.

Өз кезегінде, қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, Жайлау ақсақал айтқан мәселелер өзекті екенін айтты. Ауылшаруашылығы басқармасының басшысына Жайлау ақсақал айтқан ұсыныстарды зерттеп шығуды тапсырды. Егер ұсыныс өміршең болса қарастыруға болатынын жеткізді.

Мұнан өзге, Жайлау ақсақал қала әкімі алдында ұрпақ тәрбиесі мәселесіне де тоқталып өтті. Нақтырақ айтқанда, бүгінде білім ошақтарындағы педагогтардың дені әйел болғаны қарияны  толғандырады. Мектеп, колледжерде қызмет ететін ер кісілердің азайып кеткені ұрпақ тәрбиесіне кері әсер береді екен.

Дегенмен, қала әкімі Жайлау ақсақал көтерген бұл мәселемен келіспеді. Алып та, батыр да, ғалым да, әкім де анадан туады демекші, әйел ана тәрбиесімен өскен баланың қоғамда өз орны боларын нықтап айтты.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*