ДОМБЫРА – РУХТЫ ОЯТАР МҰРА: ТҮРКІСТАНДА ОҚУШЫЛАР ДОМБЫРА ТАРИХЫМЕН ТАНЫСТЫ

Ұлттық Домбыра күніне орай «Домбыра – дастан, домбыра – күй» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оқырмандар мен оқушылар ұлттық аспаптың терең тарихымен, көрнекті күйшілердің өмірі мен шығармашылығымен танысты. Көрменің басты мақсаты – қазақ халқының төл мұрасы саналатын домбыра туралы әдебиеттермен таныстырып, жас ұрпақтың ұлттық өнерге деген қызығушылығын ояту болды.

Іс-шара барысында қатысушыларға домбыраның шығу тарихы, құрылысы және оның қазақ мәдениетіндегі орны жайлы тың мәліметтер ұсынылды. Көрмеге қойылған кітаптар арқылы Нұрғиса Тілендиев, Құрманғазы, Дина, Тәттімбет секілді әйгілі күйшілердің өнер жолы мен күйшілік шеберлігіне шолу жасалды.

Оқушылар ұлттық аспапқа деген ықыластарын жасырмай, түрлі күй атауларын атап, әр шығарманың мазмұны мен көңіл-күйі туралы пікірлерімен бөлісті. «Күй – тілсіз тарих» деген ұғымды терең ұғынған оқырмандар үшін бұл көрме рухани азық, ұлттық сана мен өнерге деген құрметті оятатын сәтке айналды.

Домбыра – тек аспап қана емес, қазақтың жаны, рухы, тарихы. Осындай танымдық шаралар арқылы жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген сүйіспеншілігі арта түсері сөзсіз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*