Отырарда Елбасының«100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспары аясында кездесу жиыны өтт

Отырар ауданында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «100 нақты қадам» ҰлтЖоспарын тұрғындар арасында насихаттау жұмыстарын жүргізу жоспары аясында кездесу жиыны өтті. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Пердехан Жаппақұлов ашып, жүргізіп отырды.Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында жаһандану дәуіріндегі қазақстандық мәдениеттің бүгіні мен болашағына үлкен мән бере келе «Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасын іске асыруға тиіспіз. Әлем бізді қара алтынмен немесе сыртқы сая¬сат¬тағы ірі бастамаларымызбен ғана емес, мәдени жетістіктерімізбен де тануы керек»,-деген болатын. Кездесуде осы және өзге де өзекті мәселелер бойынша баяндама жасаған ОҚО әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ қоғамдық-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Ербас Өтегенов елдің бірлігі мен татулығы, этносаралық татулықтың маңыздылығы туралы кеңінен әңгімеледі. Жиында бөлім басшысының сөзін қуаттаған аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Мырзахмет Темірбеков еліміздің барлық азаматтарын тәуелсіздігіміздің сенімді тұғырына, халқымыздың таусылмайтын қуат көзіне, барлық қазақстандықтарды біріктіруші күшке айналып, Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын құнды құжат Елбасымыз бекіткен Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» екендігіне тоқталды.
Кездесу жиынында ауыл тұрғындары тақырып аясында көкейлеріндегі сауалдарына жауап алып, кездесуге келген қонақтарға алғыстарын білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*