Шымкентте елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылмақ

Оңтүстік Қазақстанда елімізде теңдесі жоқ трансформатор зауыты іске қосылады. 2016 жылдан бастап салына бастаған нысан құрылысының жұмысымен облыс  әкімі Жансейіт Түймебаев арнайы барып танысты.«Тассай» индустриалды аймағында орналасқан алып зауыт 2018 жылдың екінші тоқсанында іске қосылады деп жоспарлануда. «Asia Trafo» ЖШС-нің қуаттылығы 110-120 кВт болатын жоғары кернеулі трансформаторлар шығаратын бірден-бір зауытқа айналмақ. Индустриаландыру картасы аясында іске асқан бұл жобаның құны 17,5 млрд. теңгені құрайды. Кәсіпорында 220 жұмыс орны құрылатын болады.

Қазір Қазақстан мұндай трансформаторларды Қытайдан, Украинадан және Ресейден сатып алып жатқанын айта кеткен жөн. Сонымен қатар, аталған зауыт іске асырылғанда Қазақстан мен  ТМД елдерін аталған жабдықпен қамтиды деп күтілуде. Яғни, бәсекелестікке төтеп беретін өнімдердің 50 пайызы ТМД елдеріне экспортталмақ. Зауытта «High volt», «Knutch» (Германия), «Tuboly astronic», «Mika fluit» (Швейцария), «Hikon» (Хорватия) және басқа (Түркия, Қытай) фирмаларының жабдықтарын қолданатын болады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*