ОҚО Кентау қаласында 60 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылысы басталды

Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласында 5 қабатты екі тұрғын үйдің монтаждау жұмыстары басталды.  Тұрғын үйлердегі пәтер саны 60 екенін айта кеткен жөн. Ал, оның ішінде бір бөлмелі 10, екі бөлмелі 20 және үш бөлмелі 30 пәтер бар екен.  Кентауқалалық құрылыс бөлімі тапсырысы бойынша тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алу электронды конкурс нәтижесі бойынша «Стройсервис–XXI» ЖШСі  жеңімпаз атанғанҚазіргі таңда аталған екі нысанда уақытша ғимараттар орнату, қоршау,  котлован қазу  жұмыстары жалғасып жатыр.

Дегенмен екі үй де осы жылдың соңна дейін  қолданысқа берілмейді. Яғни, бұл құрылыстар келесі жылға өтпелі нысандар десек болады. Биылдың өзінде қос нысанған 200 млн теңгеден  қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстарын аяқтау 2018 жылға белгіленіп отыр.  Сонымен қатар, талған нысандар «Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында бой көтеретін болады. Егер қос тұрғын үйдің  қолданысқа берілер болса, моно қаладағы баспана мәселесі реттелері анық.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*