ОҚО-да 8 тарихи мекеннің архитектуралық жобалары қаралды

Алдағы жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының тарихы қайта жаңғырмақ. Руxани жаңғыру бағытына сәйкес туризмді дамыту және тариxты таныту мақсатында өңірде, өткен ғасырларды сипаттайтын орындарды қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Мемлекет басшысының рухани жаңғыру мақаласынан кейін, өзіміздің тарихымызға құрметпен қарайтын кез келгенін айтқан аймақ басшысы бұл жолғы  басқосудың мақсаты да осы екенін жеткізді.

Қазақстан Республикасы Сәулетшілер Одағының мүшелері мен қоғамдық пікір кеңесшілері және белгілі сәулетшілердің басы қосылған кеңес мүшелерінің жиынында «Ескі қалашық» мәдени орталығындағы «Арбат» жобасы, «Ордабасы» мемориалдық тарихи-мәдени кешенін абаттандыру мен Үш бидің ескерткіші, «Флагшток»  жобасы, «Қазығұрт – Кеме қалған» тарихи – мәдени кешенінің жобасы сынды 8 архитектуралық жоба қаралды.

Мәжілісте кеңес мүшелері сәулетшілердің ұсынған Ордабасы тауында орнатылатын Үш бидің ескерткішінің макетін, туристер келіп тамашалайтындай абаттандыру жұмыстары бойынша жобасын және Шымкенттегі  ескі қала орнының аумағында археологиялық  парк-музейі, ашық аспан астындағы музей құру жобасын, сонымен бірге Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру бағытындағы жобалары мен макетін қызу талқылап, өз ұсыныстарын білдірді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*