ОҚО-да энергетика ардагерлерінің республикалық форумы болып өтті

Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен Мемлекеттің энергетика саласының көкейкесті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы энергетика ардагерлерінің форумы өтті. Алқа отырысына  ТМД елдерінің энергетиктері де қатысты. Жиын мақсаты түйткілді мәселелердің шешілу жолдарын қарастыру болып табылады.

Форумда энергетика саласына жетекшілік ететін бірыңғай ведомство құру төңірегінде әңгіме өрбіді. Себебі бұл қызметтер бөлек-бөлек, сондықтан аталған саланы тексерумен түрлі органдар айналысады. Бұл жұмыстар бір орталықтан жүргізілуі керек дейді аға буын өкілдері.

«Елімізді электр энергиясымен қамтамасыз етуде әлі қыруар іс тындырылуы керек. Бұл ретте аталмыш саланы одан әрі дамытудың нақты бағыттарын айқындауымыз қажет. Ол біріншіден халықты арзан бағалы электр қуатымен қамтамасыз етуге жол ашса, екіншіден ел экономикасының өрістеуіне мүмкіндік береді »- дейді Қазақстанның электр энергетикалық қауымдастығының төрағасы Шаймерден Оразалинов.

Алқа отырысы соңында бірқатар ардагерлер Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығы мен Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің «Құрмет грамотасы»,  Алғыс хаттарымен марапатталды.

Айта кетейік, Қазақстан энергетикасы саласы ардагерлерінің кеңесі 2009 жылы құрылған. Аталмыш ұйымға мүшелік ететін аға буын өкілдері содан бері еліміздің әр өңірінде бас қосып, іргетасын өздері қалаған саланың бүгіні мен ертеңін талқылап келеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*