Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында екі ел кәсіпкерлерінің қатысуымен қазақ-өзбек бизнес-форумы болып өтті. Көрмеде Оңтүстік Қазақстан облысынан «АтаСтрой» құрылыс компаниясы Сарыағаш ауданындағы Жібек-Жолы шекара бекетін модернизациядан өткізу жобасын таныстырды. Құны 18 млн АҚШ доллары болатын жоба жүзеге асса тәулігіне 30 мың адам емін-еркін екі ел шекарасынан өте алады.Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен Өзбекстан-Қазақстан бизнес-форумына Оңтүстік Қазақстан облысынан өңір басшысы Жансейіт Түймебаев бастаған 150-ден астам мемлекеттік және қаржылық ұйымдар мен кәсіпкерлер қатысты. Бизнес-форум кезінде В2В форматында келіссөздер жүргізіліп, ондағы қатысушылар өзара іс-әрекеттер жақын болашақта өз нәтижесін береріне сенім білдірді.«Өзэкспоорталық» көрме кешенінде өтіп жатқан көрмеге Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар ірі кәсіпорындарының өнімдері қойылды. Атап айтқанда, кілем өнімдерін шығаратын «Бал Текстиль» фабрикасы, ұн және сүт өнімдерін өндіруде көшбасшылардың қатарындағы кәсіпорынның бірі «Алтын Дән» ЖШС-гі, жылына цемент өндіретін «Шымкент цемент» және «Стандарт цемент» зауыттары мен ТМД-да бірінші ашылған вакумдық пробиркалар мен екіжақты ине шығаратын «ЭкоФарм Интернешнл» компаниясы мен терапияның түрлі салаларындағы ауруларды емдеуге арналған 12 фарамацевтикалық топқа жататын генериктік және түпнұсқалық 200-ден астам дәрі-дәрмек шығаратын «Химфарм» зауыты, медициналық жабдықтардың 17 түрін шығаратын «Marai E7 Group» ЖШС-нің өнімдері қойылды.
Ұқсас жаңалықтар
Халықаралық «Алтын сақа» фестивалінің қонақтары киелі мекендерді аралады
Оңтүстікте өткен халықаралық «Алтын сақа» анимациялық фильмдер фестивалінің қонақтары мен қазылар алқасы жəне қатысушылар Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі саналатын Отырар ауданына сапар шегіп тарихи, киелі орындарды аралады. Бабтардың бабы — Арыстанбаб кесенесіне барып, […]
Оңтүстіктегі этнос өкілдерінің 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген
Бұл туралы бүгін ОҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының басшысы Бастар Есқараев мәлім етті. Оның айтуынша, облыста 106 этнос өкілдері тұрады. Сол этнос өкілдерінің басым бөлігіне өз […]
Оңтүстікте ашылған робот техникасын құрастыратын мектепте балалр 4 ай білім алады
Оңтүстік Қазақстан облысында ашылған робот техникасын құрастыратын мектепке балалар 5-7 жастан қабылданады. Оқу мерзімі 4 айға созылады. Білім алу ақысы — айына 15 мың теңге. Облыстық кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм бағдарламасы өкілдерінің айтуынша, «Бизнестің жол […]
Пікір қалдыру