«Газпром нефть» ОҚО-дағы битум өндіретін зауытты жаңғыртуда

«Газпромнефть» компаниясының Қазақстан Республикасы аумағындағы битум өнімдерін шығару және сату бойынша еншілес мекемесі «Газпромнефть — Битум Қазақстан» мекемесі Төлеби ауданында қоспаларды металл бөшкелерге құюдың жаңа автоматты желісін іске қосады.Бұл еліміз бен жақын мемлекеттердің жол-құрылыс компаниялары үшін ең қолайлы ыдыс. Бұл — Қазақстандағы битум зауытының технологиялық процесін жаңарту бағдарламасының маңызды кезеңі. Оның жүзеге асуы Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан және басқа да елдердегі контрагенге деген сұранысты қамту үшін жылына 15 мың тонна өнімді құюға мүмкіндік береді.Қазіргі таңда өндірістік алаңда нарықта қажет етілетін БНД 60/90 және 70/100 маркалы базалық битум шығарылады, олардың сапасы ресей мен қазақстандық стандарттарға сай келеді. Дайын өнімді жөнелту құйылған, сондай-ақ металл бөшкелерге орап-түйілген күйінде іске асырылады. «Газпром нефть» битумын қолдана отырып, Оңтүстік Қазақстан жолдарының үштен бірі, оның ішінде ірі жол жобасының – «БатысЕуропа – Батыс Қытай» трансқұрылықтық дәлізінің автомобиль жолдары салынды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*