Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Құрбан айт мерекесіне орай, Шымкент қаласында орналасқан Ардагерлер үйіне барып, ондағы демалушы қарияларды мерекемен құттықтады. Мұсылман жұртының қасиетті мерекесі саналатын осынау ұлық мейрамда 200-ге жуық қазыналы қартқа айттық дастархан жайып, сый-сияпат жасады.«Бүгінгі дастархан басында «Соғыс ардагерлері», «Еңбек ардагерлері», «Батыр аналар» сынды айрықша құрметке ие алдыңғы буын аға-апалар отыр. Сіздер, бүкіл ғұмырларыңызды еліміздің өсіп, өркендеуіне – болашақ жастарымыздың жақсы жағдайда жетілуіне бағыштадыңыздар. Сондықтан, осындай емдеу-сауықтыру орталығына келіп, ем-дом алып тұруға әбден лайықтысыздар. Мұнда емделуші екі адамға бір қызметкерден бөлінген. Одан бөлек, ардагерлеріміз үшін түрлі емдік процедураларды ұсынған кабинеттер жеткілікті. Елбасының еліміздің әлеуметтік салалары – денсаулық сақтау мен білім беру салаларына айрықша көңіл бөліп отырғанын білесіздер. Демек, мемлекетіміздің осындай қамқорлығы одан әрмен де жалғасын таба беретініне сенімім кәміл», — деді облыс басшысы.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО әкімі аудан, қала басшыларына статистикамен жұмыс істеуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, жоғарыда аталған салалар бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен аудан, қала басшыларының жұмысын сынға алды. Өңірдің ауылшаруашылық бағытына бейімделген аймақ екенін алға тартқан Ж.Түймебаев Оңтүстіктің ауылшаруашылық өнімнің нақты көлем индексі бойынша […]
Оңтүстіктің жастары елорда тұрғындарына Құрбан айттың қарсаңында бауырсақ таратты
Оңтүстіктің белсенді және талантты жастары Астанағы Оңтүстік өңірінің күндері аясында жергілікті жұртты ертеңгі Құрбан айт мейрамымен құттықтап, жергілікті халық пен шетелдік қонақтарға 5000 қалташа яғни, 450 келі тəтті тоқаш таратты.Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық […]
ОҚО әкімі жауаптыларға жергілікті бюджеттен арнайы бағдарлама ашып тұрғын үйлерге сеймонығайту жұмыстарын жүргізуді тапсырды
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым баяндама жасады. Оның айтуынша, жалпы облысымызда 3253 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның бүгінде 1393-і күрделі, 1035-і […]
Пікір қалдыру