ОҚО әкімі жауаптыларға жергілікті бюджеттен арнайы бағдарлама ашып тұрғын үйлерге сеймонығайту жұмыстарын жүргізуді тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету туралы облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Марғұлан Марайым баяндама жасады. Оның айтуынша, жалпы облысымызда 3253 көпқабатты тұрғын үй бар. Оның бүгінде 1393-і күрделі, 1035-і ағымдағы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Ал, техникалық зерттеу қорытындысына сай облыста қайта қалпына келтіруге жатпайтын апатты 14 үй бар. Бұдан бөлек, 18 үйдің сейсмо жағдайын нығайту қажет. Биыл 7 үйге облыстық бюджет есебінен 753,0 млн. теңге бөлініпті. Сонымен қатар, оңтүстіктегі аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Нұрбек Нышанов жан-жақты баяндады. Облысымызда кене шағу жағдайлары былтырғы жылмен салыстырғанда 28,9 пайызға төмендеген.

  Жиынды қорытындылаған облыс әкімі жауапты басқарма басшылары негізгі үш мәселе туралы нақты тапсырмалар жүктеді.

 «Аудан, қала бюджеті есебінен арнайы бағдарлама ашып, авариялық және ескі тұрғын үйлерді бұзуды және сейсмонығайту жұмыстарын күшейту қажет. Бұл ретте құрылыс сапасы қатаң қадағалауға алынуы тиіс», — деді Жансейіт Қансейітұлы.

Сондай-ақ әкім облысымыздағы аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын алу жұмыстарына мықтап мән беруді тапсырды. Бұл ретте көшелерде сүт және ет өнімдерінің бақылаусыз сатылуына жол берілмеуі керектігі жүктелді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*