ОҚО-да мұғалімдерге арналған типті үлгідегі тұрғын үйлер салынатын болады

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен селекторлық мәжіліс өтті. Күн тәртібінде «Облыста энергоүнемдеу және энерготиімділікті арттыру жұмыстарының барысы» мен «Облыс аумағындағы елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық шаралары» туралы екі мәселе қаралды.   Күн тәртібіндегі мәселеге көшпес бұрын өңір басшысы барша аудан, қала әкімдері мен басқарма басшыларына бүгінгі алтыншы шақырылған Парламенттің үшінші сессиясында сөйлеген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың баяндамасымен танысып, қойылған міндеттер бойынша нақты жоспарлар жасауды тапсырды.

Жаңа оқу жылының басталғанын айтқан аймақ басшысы білім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қызметіне баса назар аудару қажеттігін айтты. Сонымен қатар, облыстағы мұғалімдерді қызметтік пәтермен қамту үшін барлық аудан,қалалардан типтік үлгідегі тұрғын үйлер салуды қолға алу керектігін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіруді құрылыс басқармасына жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*