ОҚО әкімі аудан, қала басшыларына статистикамен жұмыс істеуді тапсырды

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Қансейітұлы, жоғарыда аталған салалар бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен аудан, қала басшыларының жұмысын сынға алды. Өңірдің ауылшаруашылық бағытына бейімделген аймақ екенін алға тартқан Ж.Түймебаев Оңтүстіктің ауылшаруашылық өнімнің нақты көлем индексі бойынша республикада 8 орында екенін, бұдан шығатын қорытынды — облыс бойынша ауылшаруашылықты дамытуға бөлініп жатқан қыруар қаржы мен көрсетіліп жатқан қолдаудың тиімділігі төмен екенін көрсетіп отырғанын жеткізді.«Ағымдағы жылдың 4 айында облыстың әлеуметтік-экономикалық өсім қорытындыларын талқылаған кезде Арыс, Қазығұрт, Мақтарал, Сарыағаш аудандарында инвестиция көлемі кеміген болатын. Алайда, инвестицияны тарту жұмыстарын жақсарту туралы тапсырма берілгеніне қарамастан бұл аудан, қалаларда жағдай бүгінгі күнге дейін жақсармаған. Одан бөлек, 5 айдың қорытындысымен жоғарыда аты аталған аудандармен бірге Кентау қаласы мен Шардара, Отырар, Төлеби аудандарында инвестиция көлемі кеміген. Атап айтқанда, былтырғы жылдың 5 айымен салыстырғанда инвестиция көлемі Арыста — 71,3 пайызға кеміген, Шардарада – 63,4%-ға, Кентауда – 45,3%-ға, Мақтаралда 43,3%-ға, Отырарда – 41%-ға, Қазығұртта — 28%-ға, Сарыағашта — 20%-ға, Төлебиде — 4%-ға кеміген», — деді Ж.Түймебаев.

Аталған мәселені қорытындылаған өңір басшысы аудан, қала әкімдеріне статистика органдарымен жұмысты жандандыруды, басқарма басшылары мен аудан, қала әкімдері 2017 жылға жоспарланған индикаторлардың толық орындалуын қамтамасыз ету қажеттігін, индикаторлардың орындалуы туралы ақпаратты ай қорытындысымен экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына ұсынуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*