ОҚО-да бюджетке салық және басқа да төлемдерден түскен қаржы көлемі 3 миллиардқа артқан

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаевтың төрағалығымен облыс әкімдігінде селекторлық режимде кезекті аппараттық мәжіліс өтті. Отырыстағы екінші мәселе — 2017 жылдың 1 маусымына облыстағы бюджеттің атқарылуына арналды. Мәліметке сәйкес, жергілікті бюджетке түсетін салықтық және басқа да түсімдер жоспары 110,6%-ға орындалып 4,6 млрд. теңге қаржы артық түскен. Бұл былтырғымен салыстырғанда 3 млрд. теңгеге өсіп отыр. Дегенмен, аудан, қалалар бойынша 5,4 млрд.теңге игерілмеген. Сондай-ақ, 3 млрд. теңгеге жуық ұқсатылмаған ақша облыстық денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, құрылыс және кәсіпкерлік индустриалды инновациялық даму басқармасына тиесілі екен.Аймақ басшысы әрбір жауапты жетекшілерден сауалдың жауабын алып, игерілмеген қаржылардың басым көпшілігі мемлекеттік сатып алу процедураларының дұрыс өтпеуіне байланысты болғанын еске салды. Соған сәйкес, Ж.Қансейітұлы барлық бағдарлама әкімшілеріне, аудан, қала әкімдеріне және облыс әкімінің орынбасарлары жетекшілік ететін салалар бойынша жоспарланған қаржылардың толық игерілуін қатаң бақылауға алуды, сонымен қатар, бюджет қаражатын сапалы және мерзімінде игеру бойынша нақты шараларды қабылдауды тапсырды. Және жетекшілік ететін салалар бойынша құрылыс нысандарының сапасына аса мән беруді жүктеді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*