ОҚО «Өрлеу» жобасын жүзеге асыруда көш бастады

Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.  Енді 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қазіргі ұсынылатын үш түрлі әлеуметтік төлемдердің орнына атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипаты енгізілетін болады. Ол үшін халықты «Өрлеу» жобасына жаппай жұмылдырып, жұмыспен қамтуды қолға алған жөн. Бүгін бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған сапары барысында еліміздің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.Министрлік қолға алған «Өрлеу» жобасының мақсаты —  өмірінде қиын жағдайға тап болған және белгілі бір себептерге байланысты тығырықтан шыға алмай жатқан азаматтарға көмек қолын созу. Тың тәсілді сынақтан өткізу аясында 2015 жылы кедейлік шегінен асқанға дейін тұрақты түрде мемлекет жәрдемін иеленуге мүмкіндік беретін «Өрлеу» жобасы дүниеге келген болатын. Бұл ретте мемлекет тарапы жұмыспен қамту орталықтары арқылы жеке іс ашуға, оқу мен жұмысқа орналасуға қарайласады. Оңтүстік Қазақстан облысында жарты жыл ішінде 75 мыңға жуық адам «Өрлеу» жобасы аясында мемлекет қолдауына ие болып, республикада көш бастады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*