Тамара Дүйсенова Шымкенттегі қалалық жұмыспен қамту орталығында болды

Бүгінде Оңтүстік Қазақстан облысындағы 700-ге жуық жұмысшысы бар «Стандарт-Цемент» зауыты 2011 жылы құрылған. Цемент өндіріп, оны сатумен айналысатын серіктестік жылына 2 млн. тонна өнім өндіретінін айта кету керек. Мұндағы цемент өнімдері Қазақстаннан бөлек, Өзбекстан мен Тәжікстанға саудаланып жатыр.

Мұнан бөле Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мен Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев бастаған топ Шымкент қалалық жұмыспен қамту орталығында болды. Жұмыспен қамту орталығы 2011 жылы құрылып, өз жұмысын бастаған. Ал жаңа ғимарат 2016 жылдан бастап пайдаланылуда. Халықты жұмыспен қамту саласы бойынша мұнда қазіргі таңда 60-қа жуық қызметкер жұмыс істейді. Күніне мұнда 200-ге жуық адам келіп, түрлі саладағы жұмыстарға жолдама алып жатады. Ғимараттың төменгі қабатында жалдамалы жұмысшыларға жағдай жасалған.  Тамара Қасымқызы шаһар жұртшылығын жұмыспен қамту саласына жауапты жетекшілермен тілдесіп, жұмысты одан әрі ширатуды тапсырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*