Биыл 1 шілдедегі жағдай бойынша, Оңтүстік Қазақстан облысында шартты ақшалай көмек 12813 отбасындағы 74705 адамға тағайындалп, жалпы сомасы 3,6 млрд теңгені құрағанын айта кеткен жөн. Еңбекке қабілетті 13846 адам жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылып, оның ішінде 11528 адам немесе 89,7% тұрақты жұмысқа орналасып отыр.Министр Тамар Дүйсенова, облыс әкімдігінде өткен қорытынды жиын барысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету мақсатында аудан әкімдерінің және өзге де жергілікті құзырлы мекемелердің уақытша науқандарға ұрынбай, жұмысты ұзақ мерзімге жеміс беретіндей сапалы жүргізуінің маңыздылығын атап өтіп, жалпы облыста тындырылған іс-қимылдарды оң бағалады. «Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыз және өзін өнімсіз жұмыспен қамтыған азаматтарды жаңа жұмыспен қамту бағдарламасына белсенді тарту қажет. Аз қамтылған отбасыларды көптеп «Өрлеу» жобасына жұмылдыра алсақ, келесі жылдан атаулы әлеуметтік көмектің жаңа сипатын іске қосуға да дайындық деңгейі соншалық жоғары болмақ», — деді Тамара Дүйсенова.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да медиация институтын одан әрі дамыту мәселелері талқыланды
Қазақстан халқы Ассамблеясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалының ұйымдастыруымен облыстық «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында «Медиация институтын дамыту – басты қажеттіліктердің бірі» тақырыбында дөңгелек үстелі өтті.Мәжіліске облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, судьялар, кәсіби медиаторлар қатысты.Дөңгелек үстел барысында […]
ОҚО-ның жасы жетпіске таяған тұрғыны Астанадағы «ЭКСПО-2017» көрмесіне велосипедпен аттанды
Шымкенттік қария Кеңесбек Сейдімбеков Астанаға велосипедпен аттанбақ. Жасы 70-ке таяған ақсақалдың мақсаты «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесін тамашалап қайту. Себебі, бұл шараны Елбасы бастамасымен еліміз тұңғыш рет өткізгелі тұр. Сондықтан, осылай көрмеге қолдау көрсетуді өзіне міндет санайды.«Астанада […]
ОҚО-да «RIC ON EXPORT» бағдарламасы іске қосылды
Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі мен Новосібір қаласындағы «Фудсиб» сауда кешені арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ондағы мақсат – өңірдегі ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Мұндай келісімге Ресейдің Новосібір қаласында өткен «Фудсиб» […]
Пікір қалдыру