Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев Түркия елінің «Vero Group» компаниясының негізін қалаушы Осман Бозкурт бастаған бір топ инвесторлар делегациясын қабылдады. Инвесторлардың жоспары бойынша Шардара қаласында Тамшылатып суару қондырғыларын мен құрал-жабдықтарын және құбырларын шығаратын зауыт ашуға ниетті. Кездесуде аудан әкімі жобаны іске асыру мақсатында мемлекет тарапынан бірқатар жеңілдіктер мен преференциялар, мүмкіндіктер барын талқылады. Түрік инвесторлары Шардара ауданының мүмкіндігіне қызығушылық білдіріп, жобаны алдағы уақытта іске асыруға ниетті екендігін жеткізді. Тараптар аталмыш бағыт бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге келісті.
Ұқсас жаңалықтар
Шетелдік инвесторлар Шаянға спорт нысандарын салып берді
Жалпы құны 1,3 млрд. теңге болатын Шаян ауылында ашылған нысандардың демеушісі шетелдік инвесторлар. Атап айтқанда, құрылысы былтыр басталған спорттық обьектілердің тапсырыс беруші мекемесі «International fund for Houbara Conservation» корпоративтік қоры. Жабық теннис кортында арнайы жуынатын […]
ОҚО-да инвесторлар құны 157 млн евро болатын екі күн электр стансасын салады
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаев өңірдегі ірі жобаларға инвестиция салуға ниет білдірген шетелдік Германия мен Голандия елдерінен келген инвесторлармен кездесті. Кездесуде шетелдік кәсіпкерлердің жобасымен танысқан облыс басшысы аймақтың экономикалық әлеуетін баяндап, инвесторларға мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктерді […]
Шардара — жеңімпаздар мекені!
Шардара ауданында қол күресінің негізін қалаған Арман Қарсыбаев бүгінгі таңда аудандық дене шынықтыру және спорт бөліміне басшылық жасайды. Жыл сайын облыстағы үздіктердің қатарынан көрінетін аудандық дене шынықтыру және спорт саласы өткен алты айдың өзінде ауыз […]
Пікір қалдыру