Шардара ауданындағы Жаушықұм ауылында тамшылатып суару әдісімен 370 гектар жерге күнбағыс еккен. «ИІРЖАРАГРО» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шаруа қожалығы қазіргі таңда жиын-терімді бастады. Қожалық түркиялық инвесторлармен бірге бес жүз гектар егістік алқабын игеріп отыр. Биыл үш жүз жетпіс гектарына күнбағыс егіп, оны тамшылатып суару әдісімен өсірген. Бұдан бөлек, шаруақожалық басшылығы 100 гектардан астам аумаққа картоп егуді жоспарлап отыр. Қазіргі таңда он бір адамды тұрақты жұмыспен қамтыса, жұмыс ауқымына байланысты жиырма, отыз адамға дейін жұмыс істейді. Қожалықта жиырма үш ауылшаруашылығы техникасы бар. Серіктестік күнбағыс өнімін Қытай халық республикасы, Түркия, Әзірбайжан республикасы елдері мен ішкі нарыққа өткізуді жоспарлап отыр.
«Алдағы уақытта мемлекеттің қолдауы аясында шаруақожалықты дамытып, зауыт ашуға да ниеттіміз. Бұл тамшылатып суару — дүниежүзі бойынша су тапшылығының алдын алатын және өнімділікті көбейтетін әдіс деп білемін.»- дейді шаруақожалық өкілі Оразалы Шыршықбаев.
Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаевтың «әр ауыл округте шағын кәсіпорын немесе цех ашу қажет»- деген тапсырмасына сәйкес, Шардара ауданына қарасты Көксу ауылының тұрғыны жеке кәсіпкер Әлтай Заур «Ауыл Аманаты» жобасымен несиелендіріліп, өз кәсібін дөңгелетуде. Қазіргі […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арналған Жолдауында елімізде балық шаруашылығын дамытудың маңыздылығына тоқталып, Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2021-2030 жылға арналған бағдарламасы қабылданып, жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама шеңберінде 2030 жылы елімізде балық […]
Бүгін Шардара қаласында сазгер, әнші Лесбек Амановтың 70 жылдығына арналған «Қара бауыр қасқалдақ» атты облыстық ән байқауы өтті. Байқауға аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев, сазгердің бауыры мен ұл-қыздары қатысты. Екі кезең бойынша өткен сайыста үміткерлер […]
Пікір қалдыру