Санаулы күндерден соң жаңа оқу жылы басталады. Жылдағы жағдай бойынша оқу жылы аяқталысымен қажеттілігіне қарай мектептерге ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа оқу жылына дейін толық тапсырылуы тиіс.
Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудандағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар білім беру нысандарында болып, жаңа 2024-2025 оқу жылына дайындығымен танысты. Нысандарды аралау барысында мердігер мекеме өкілдерімен, мектеп директорларымен және ауыл билерімен тілдесті. Жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан оқу ғимараттарының, спорт залы мен жылыту қазандықтарының, орнатылған бейнебақылау камералары мен турникеттердің, ішкі әжетханалар мен кәріз жүйесінің жұмысқа жарамдылығын тексеріп, мектеп аулаларының тазалығы мен спорт алаңшаларының жағдайын көрді. Анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жойып, олқылықтардың орынын толтыруды, жаңа оқу жылына барлық мектептердің жөндеу жұмыстарын тәмамдауды тапсырды.
Мұнан соң Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов тиісті сала басшыларымен бірге қаладағы орталық саябақта болып, ойын аттракциондарының қауіпсіздігімен танысты. Саябаққа келуші тұрғындармен тілдесіп, сын-ескертпелеріне назарға алып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
«Кәсіпкерлер жұмысын заңды істеп, табысын адалынан табу керек. Бірінші кезекте келушілердің, балалардың қауіпсіздігін қатаң сақтаңыздар. Рұқсат етілмеген жерлерге кіруге болмайтыны жайлы тыйым салу белгілерін орнатыңыздар» деді аудан басшысы кәсіпкерлермен кездесу кезінде.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы саябақтағы әрбір ойын аттракциондарына арнайы қоршау орнатуды, өрт және техника қауіпсіздігін, санитарлық тазалықты қатаң сақтауды, ескі құрылғыларды қолданыстан шығарып, тиісті органдар тарапынан мақұлданған заманауи жабдықтарды ғана қолдануды тапсырды.
Арнайы тексеріс барысында орталық саябақтағы 50-ге тарта ойын аттракциондарының 70 пайызында қауіпсіздік ережелерінің толық сақталмағандығы анықталды.
Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, […]
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыра отырып билік пен бұқара арасындағы байланыстың ашықтығын нығайту, халықпен тығыз байланыс орнатып, өзекті мәселелерді дер кезінде шешу мақсатындағы тұрғындармен есептік кездесуімді бекітілген […]
Жетісай – ауыл шаруашылығын заманауи индустриямен ұштастырып келе жатқан Түркістан облысының жетекші аудандарының бірі. Диқандар мен шаруалардың маңдай тері, мемлекеттің жүйелі қолдауы және жергілікті биліктің тың бастамалары нәтижесінде аудан экономикасы жылдан-жылға артып келеді. Ауыл шаруашылығы […]
Пікір қалдыру