Жетісай ауданының үлкен мәжіліс залында аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарына жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.
Қабылдауға аудан басшысымен қатар аудан әкімдігі аппаратының басшысы Есен Алданиязов пен аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Сакен Жайлыбаев, дербес бөлім басшылары мен қала, ауылдық округ әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты. Базынасын айтып келген тұрғындардың басым бөлігі тұрғын үй алу және оның кезегі, мемлекеттік атаулы әлеуметтік және демеушілер есебінен қаржылай, материалдық көмек алу, кәсіпкерлік саласын дамыту, қаланың санитарлық тазалығы, ақылы қоғамдық және мамандығы бойынша тұрақты жұмысқа орналасу секілді өтініштерін жеткізіп, көмек сұрады.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан айтылған әрбір өтініштері мен ұсыныс пікірлері бойынша заң аясында кеңестер беріп, мәселені шешу жолдарын ұсынды. Тұрғын үй алу және оның кезегі заңға сәйкес жылжып, кезегімен берілетіні түсіндірілді. Жұмысқа орналасу үшін Жетісай аудандық «Мансап» орталығының кіші ақпараттық жүйесіне жұмыс іздеуші ретінде тіркеліп, жұмыссыздық мәртебесін алғаннан соң бос жұмыс орындарына жолдануға мүмкіндік бар екендігін айтты.
Сонымен қатар, Серік Үсенұлы жауапты сала басшыларына арнайы тапсырмалар беріп, тұрғындардың өтініштерін мүмкіндігінше қанағаттандыруды тапсырды.
Еліміздің егемендік алғалы үлкен жетістіктерге қол жеткізіп, биіктерден көрінуі, Орта Азия мемлекеттерінің ішіндегі өзіндік орны бар мемлекетке айналғанымыздың өзі неге тұрады? Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік […]
Жетісай ауданы, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды. Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік […]
Жетісай ауданында мақта сапасын арттыру мақсатында биыл жаңа тәсілмен мақта егілді. Шетелдік тәжірибе негізінде қолға алынған жаңа су үнемдеу технологиясы өз тиімділігін көрсетіп отыр. Шаруалардың айтуынша, алғашқы нәтижесі таңқаларлық жетістік беріп отыр. Жаңа су үнемдеу […]
Пікір қалдыру