«Жұмыс күшінің мобильділігін арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу» бағыты шеңберінде Жетісай ауданында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары өкілдерінің қатысуымен «ҚОНЫС АУДАРУ» жәрмеңкесі өтті. Аталмыш шараға 250-ге жуық жергілікті тұрғын қатысып, өздеріне қажетті мәліметтерден құлағдар болды.
Республикамыздағы халқы тығыз орналасқан, жұмысшы күші көп аймақ саналатын Түркістан облысынан жұмыс күші жетпейтін Солтүстік өңірлерге 2015 жылдан бері 3689 отбасының 14 126 мүшесі қоныс аударған. Бұл республика бойынша қоныс аударушылардың 33 пайызын құрайды.
Жетісай аудандық «Мансап» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Қоныс аудару» жәрмеңкесіне аудан әкімінің орынбасары Серік Пірімбеков пен «Amanat» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров қатысты. Жәрмеңке барысында Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарынан келген делегация мүшелері өңірлердің жай-күйімен, жергілікті азаматтардың тыныс-тіршілігімен, өңірдің перспективасымен таныстырды. Қоныс аударуға ниетті азаматтармен тілдесіп, мемлекет солтүстік облыстарға қоныс аударған азаматтардың отбасы мүшелеріне бір рет 70 АЕК (258 440 теңге) мөлшерінде ақша, алғашқы уақытта үй жалдауға қаржы берілетінін, сонымен қатар, қысқа уақытқа кәсіби оқуға жіберіп, жұмысқа тұрғызу, жеңілдікпен баспана алуға көмектесуді міндетіне алатынын түсіндірді.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің биылғы жылға бөлген 7050 квотасы негізіген Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ұлытау және Қарағанды облыстарының еншісінде.
Айта кетейік, мұндай жәрмеңкелер Жетісай ауданымен қатар Мақтарал, Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Түлкібас, Ордабасы, Сайрам және Бәйдібек аудандарында да өткізілетін болады.
Қазіргі таңда еліміздің агроөнеркәсіптік кешенінің алдында тұрған басты міндеттердің бірі – су ресурстарын тиімді пайдалану және өнімділікті арттыру. Әсіресе жаһандық жылыну, жауын-шашын мөлшерінің азаюы, судың тапшылығы мен ысырапшылдық жағдайында бұл мәселе ерекше маңызға ие. Осыған […]
Бүгінде «Қамқорлық» бағдарламасы аясында Шардара ауданында күнкөрісі төмен отбасыларға берілетін көмектің іс-шара жоспары бекітілген. Ауданда 58 отбасы бүгінгі таңда өмірлік қиын жағдайға түскендігі анықталып отыр. Ол отбасылардың бәріне де демеушілер есебінен 734 200 теңге көлемінде […]
Елімізде атом электр станциясын салу туралы мәселе бірнеше жылдан бері көтеріліп келеді. Кейінгі жылдары бұл мәселе бірнеше рет талқыланып, соңғы онжылдықта қайтадан күн тәртібіне шықты. Себебі сарапшылардың болжауынша, қа¬зір электр энергиясына сұ¬ра¬ныс күннен-күнге артып, 2030 […]
Пікір қалдыру