ОҚО-да азаматтардың әлеуметтік мәртебесін анықтау жұмыстары жалғасуда

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде азаматтардың мәртебелерін анықтау» тақырыбында мәжіліс өтті. Жиынға облыс әкімінің орынбасары  Е.Садыр,  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы М.Отаршиев, Сайрам ауданының әкімі С.Сапарбаев және ауыл окургі әкімдері, тиісті салалық бөлім басшыларының қатысты. Шарада азаматтардың әлеуметтің мәртебесін анықтау мен оларға мемлекеттік қолдау көрсету жұмыстарының барысы талқыланды. Сайрам ауданы бойынша «Әлеуметтік мәртебесін анықтау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы  102 899  адамның 102 179-ы немесе 99,3 пайызының әлеуметтік дерекқоры  анықталған. Жиын барысында облыс әкімінің орынбасары Ербол Садыр  ақпараттардың шынайылығын нақтылауды  1 шілдеге дейін аяқтауды тапсырды.

Сондай-ақ «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 –2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде кәсіптік және техникалық оқытуға, қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға, шағын несиеленуге, сонымен қатар пайда болған бос жұмыс орындарына жұмыспен қамту шараларымен қатыстыру туралы нақты тапсырма жүктелді. 

Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр осы тақырап бойынша жиынды Түлкібас ауданында жалғастырды.

Мұндағы «Әлеуметтік мәртебесін анықтау» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі дерекқорға сәйкес 30 823 адамның 30823-і немесе 100 пайызы анықталып енгізілді. 2017 жылдың 1 шілдесіне дейін ақпараттардың шынайылығын нақтылау тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*