ОҚО-да еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет грамотасымен марапатталды

ОҚО-да өткен Қазақстан фермерлер одағының алқалы жиынында агроөнеркәсіп кешенін дамытуда белсенділік танытып, еселі еңбегімен көзге түскен өңір фермерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен және Құрмет  грамотасымен  марапатталды.Бүгінде фермерлер одағының еліміздің 8 облысында филиалдары мен 5 облысында өкілдіктері жұмыс істейді. Одаққа 10 мыңнан астам фермерлер біріккен. Ал ҚР Фермерлер одағының облыстық филиалы 2012 жылы құрылып, содан бері шаруалар мен фермерлерге қолайлы жағдай жасау үшін  жүйелі жұмыстар атқарып келеді. Одақтың әрбір ауданда төрағалары сайланған. Жыл басынан бері облыстық фермерлер одағының ұйымдастырумен барлық аудан-қалаларда көшпелі жиындар өткізілді.  Онда фермерлерді мазалайтын мәселелер айтылып, оны шешу бойынша ұсыныстар мен талап-тілектер тыңдалған.  Ұсыныстардың барлығы билік органдарына хатпен жолданды. Одан өзге Фермерлер одағының ұйытқы болумен агро саладаға жаңа технологияларды енгізу, фермерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, мемлекеттік қолдауларды насихаттау бойынша бірнеше семинар-кеңестер мен дөңгелек үстелдер ұйымдастырылған.    

Конференцияға қатысқан еліміздің бас фермері Әуезхан Дарынов облыстық фермерлер одағының жұмысын жоғары бағалап, алдағы істеріне  сәттілік тіледі.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*