ОҚО-дан солтүстікке 2019 адам көшуге ниет білдіріп отыр

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінде өткен жиында халықты оңтүстіктен солтүстікке көшіру жұмыстары жөнінде баяндаған  облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысы Мұхит Отаршиев, 2014-2016 жылдары «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде облыстан барлығы 154 отбасы қоныс аударып, көшу шығындары өтелгендігін жеткізді. Оның айтуынша, басқарма тарапынан қоныс аударған азаматтарға сол өңірдегі уәкілетті органдар арқылы мониторинг жұмыстары жүргізілген. Қазіргі таңда көшіп барғандардың  48-і ауыл шаруашылығымен айналысса, 42 азамат білім саласында, 11 адам жергілікті атқару органдарында, 12 адам қызмет көрсету, 7 адам  денсаулық сақтау саласында еңбекпен қамтылған.

 

 Ал, өңіраралық еңбек нарығын дамытудың шараларына  5780 азамат қатысып, олардың 2019-ы солтүстікке қоныс аударуға ниетті екендіктерін жеткізген.  Осы азаматтардың 1008 еңбекке қабілетті болса, олардың 116 адамы ауыл шаруашылығымен, 98 адам кәсіпкерлікті дамытумен, 794 адам мемлекеттік кәсіпорындарда жұмыс істеуге ниетті.

Сондай-ақ мәжілісте сөз алған облыстық мәслихат депутаты Жаңабай Ағабеков оңтүстік халқын солтүстікке көшіру ерікті түрде жүріп жатқандығын алға тартты. Оларға үкімет тарапынан да айтарлықтай көмек көрсетіледі. Нақты айтқанда, қоныс шығындары есебінде отбасы мүшелерінің әрқайссына 35 АЕК көлемінде  яғни 79 мың теңге өтемақы төленеді. Бұдан бөлек бір жылға дейін пәтер жалдауға жұмсалатын шығын да мемлекет есебінен. Әлеуметтік қамсыздандыру, көші-қон квотасына да қаржы қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*