Ж.Түймебаев: «Оңтүстіктіен солтүстікке көшемін деушілерге көмектесуіміз керек»

Оңтүстік Қазақстан облысы республикадағы халқы тығыз орналасқан аймақтарының бірі саналады. Осыған орай өңірдегі жұмыссыздық деңгейі төмендету мақсатында  халықты  жұмыс күші жетіспейтін солтүстік өңірлерге көшіру  жұмыстары жалғасып келеді. Десек те, ішкі көші-қон саясатының ел арасында насихатталуы тиісті деңгейде емес екенін де айта кеткен жөн. Бүгін бұл мәселе жөнінде  Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен  өткен селекторлық мәжілісте мәлім етті.«Елбасы қойған міндеттердің бірі ішкі көші-қон процесстерін реттеу және еңбек ресурстарының теңгерімділігін арттыру, халықты біркелкі жайғастыру мақсатында еңбек күші мол аймақтан, еңбек күші жетіспейтін республикамыздың солтүстік өңірлеріне өз еркімен халықты қоныстандыру өте маңызды қадам. Жұмыссыздық, халыққа әлеуметтік қолдау көрсету мәселелері бойынша қиындықтар болуы мүмкін, сондықтан қоныс аударам деушілерге көмек көрсетуіміз керек»-деді облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлы Түймебаев.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*