Оңтүстік оқушылары ҰБТ тапсыруға сақадай сай

Оңтүстік Қазақстан облысында Ұлттық бірыңғай тестілеу әділ әрі ашық өткізілуі тиіс. Түлектерді тасымалдау, тамақтандыру, жатын орындарымен дер кезінде қамтамасыз етуде кедергілер орын алмауы қажет. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев  аудан, қала әкімдерімен және облыстық басқармалар басшыларының қатысуымен өткен  селекторлық мәжілісте мәлім етті.«Биыл Ұлттық бірыңғай тестілеу екі кезеңде өтеді. Біріншісі қорытынды аттестаттау – бұл мемлекеттік бітіру емтиханы. Екіншісі ҰБТ — жоғары оқу орындарына түсу емтиханы. Кезең-кезеңімен өтетін осы маңызды шараны асқан жауапкершілікпен өткізуді жауапты сала басшыларына жүктеймін»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

«Биыл ҰБТ Оңтүстік Қазақстан облысында  16 жерде өткізіледі. Олардың 4-уі жоғары оқу орындарының, 3-уі аудан орталықтарындағы колледждер, 9-ы жалпы орта мектептердің базасында орналасқан.  Әрбір ҰБТ өткізу пункттерінде 11-ден 14-ке дейін аудиториялар даярланып, тестілеу пункттері 237 ұялы телефон сигналдарын  тұншықтырғыштармен жабдықталып отыр», — деді  Раушан Естлеусқызы.

Биылғы жылы министрліктің тапсырмасына сәйкес 91 жаңа үлгідегі 4G жиіліктегі тұншықтырғыштарды алуға жергілікті бюджеттен қаржы қаралып, сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар тестілеу пункттерінде 26 рамалы металіздегіштер, 226 салқындатқыштар, тестілеу кезінде бейнежазба жүргізу мақсатында 42 бейнетіркегіштер орналастырылған. 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*