Оңтүстікте қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссияның отырысы өтті

Мұқтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің конференц залында Оңтүстік Қазақстан облысында қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы болып өтті. Жиында облыс әкімі Ж.Түймебаев сөз сөйлеп, Елбасының бұл мақаласы- мемлекеттік идеологияны анықтайтын басты саяси құжат болып табылатынын және «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оңтүстік өңірінде іске асыру жұмыстарының өзектілігін атап өтті.Бүгінде Елбасы мақаласының басым бағыттарын ілгерілету мақсатында зиялы қауым, ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясы, үкіметтік емес ұйым өкілдері, саяси партиялар мен қоғамдық кеңестер, депутаттар, БАҚ өкілдері, блогерлер, еңбек ұжымдары, жастардың қатысуымен көптеген іс-шаралар өткізіліп жатыр.Президент мақаласын насихаттау мақсатында арнайы спикерлер топтары жасақталып, БАҚ арқылы қызу қолдау шаралары атқарылып, әлеуметтік желілерде пікірлер жарияланып жатыр. Тіптәі мақаланың мәтіні жазылған кітапшалар, әдістемелік құралдар шығарылып таратылды. Халықты бірлікке, ынтымаққа татулыққа шақыратын және ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүрді дәріптейтін түрлі деректі фильмдер, роликтер әзірлеу қолға алынуда.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*