Ұласбек Сәдібеков Түлкібасқа барды

Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібеков жұмыс сапарымен Түлкібас ауданында болды. Сапары барысында әкім орынбасары Тұрар Рысқұлов ауылындағы тарихи-өлкетану мұражайы мен мұрағаттың жұмысымен және 700 бала білім алып жатқан Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің тыныс-тіршілігімен танысып, колледж оқытушыларымен кездесті. Кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында әңгіме өрбіді.

Сондай-ақ, ол Ақбиік ауылындағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде салынып жатқан 100 орындық балабақшаның құрылысын көріп, құрылыстың сапасына мән беру қажеттігін айтты.

Мұнымен қоса, Ұласбек Сәдібекұлы аудан активімен кездесіп, онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ауданда атқарылып жатқан жұмыстарымен танысып, бағдарламада нақтыланған алты бағыт бойынша тиісті іс-шараларды атқаруды тапсырды.

Мәжіліске аудан әкімі Нұрбол Тұрашбеков, ауылдық округ, поселке әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы мен этно-мәдени бірлестіктердің басшылары қатысты.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*