Түлкібаста асыл тұқымды жылқылар бапталуда

Өңіріміздің таулы ауданы Түлкібаста асыл тұқымды жылқыларды баптап күтетін зауыт жұмыс істейді. Қазақта жеті қазынаның біріне баланар жылқы бағу ісін 2009 жылы бастаған шаруашылықта бапталған жылқылар бүгінде талай бәйге де топ жарып жүр. Мәселен Ташкентте өткен Орта Азия ойындарында, Алматыда өтен «Апсент-2016» бәйгелерінің жүлдегерлері осы шаруашылықта бапталады.Иә, зауыттағы жылқы күтімі өте жоғарғы деңгейде деп айтуға болады. Өйткені, жылқыларды баптаумен шұғылданатын мұндағы мамандар арнайы біліктілік арттыру курстарынан өтеді екен. Ал, жаз мезігілі келе осындағы биік бәйге жылқыларына отырып серуендеп бой жазуға, дене бітімдерін машықтыруға уға өңіріміздің өзге де аудандарынан адамдар арнайы келетін көрінеді. Бәйге жылқыларын баптауды бір жолға қойып алған жылқы зауытының басшылары, болашақта қымыз өндірумен айналысуды көздеп отыр. Жылқыны мінсең көлік, ішсең сусын, жесең ет боларын жақсы білетін мұндағылар қымыз өндірісімен де мол табысқа кенелуге болады дейді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*