Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы «Байтерек 4» ЖШС-нің жұмысы қарқын алған. Көкөністерді консервілеумен айналысатын мекеме жылына 1,5 мың тонна болатын 28 түрлі өнім шығаруда.Кәсіпкер тауарлардың басым бөлігін Алматы қаласы мен еліміздің батыс өңірлеріне жіберуде. Бүгінде табиғи, экологиялық таза өнімдерге Қытай халқы да қызығушылық таныта бастаған. «Күн санап біздің өнімге деген сұраныс күшейіп келеді. Тұтынушылардың көңілінен шыққандықтан деп ойлаймын, қазір шетелдік нарыққа аяқ басып отырмыз. Жазғы уақытта 40 адам жұмысқа тартылған. Ал, қазір 20 адам жұмыс жасауда», — деді «Бәйтерек 4» ЖШС директорының орынбасары Бақытжан Оспанов.Өңделетін көкөністер Сайрам ауданынан бөлек, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінен де сатып алынуда. Кәсіпкер алдағы уақытта шикізатты да өзі өндіруді қолға алмақ. Осы жұмыстарды іске асыру үшін аудан әкімшілігімен бірлескен түрде тиісті жұмыстар атқарылуда.Айта кетсек, «Байтерек 4» ЖШС-нің «Көкөніс консервілеу базасы 2015 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылған. Жобаның жалпы құны 115 млн. теңге. Өндіріс орны Қытай, Ресей, және Болгария елдерінен алынған заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да Орта Азиядағы алғашқы «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды
Шымкент қаласында Орта Азиядағы алғашқы қуаты 0,5 мегаватты құрайтын «Биогаз қондырғылар кешені» іске қосылды. Қазақстандағы бірегей жоба Елбасымыздың жарлығымен қабылданған «Жасыл экономикаға көшу тұжырымдамасын» орындау мақсатында іске асырылып отыр. Ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Жансейіт Түймебаев […]
ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі
Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 елді мекенге газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы, өңірде 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп […]
ОҚО-да халықаралық қуыршақ театрларының фестивалі басталды
«Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы мен «ЭКСПО 2017» Халықаралық көрмесі аясында ағымдағы жылдың 6-9 маусымы аралығында Түркістан — Шымкент қалаларында өтетін «Ортеке» V Халықаралық қуыршақ театрларының фестивалінің ашылу салтанаты өтті.Мәдени шарада Оңтүстік Қазақстан […]
Пікір қалдыру