ОҚО-да «Тұрмыстық зорлық — зомбылық» және адам саудасы құрбандары мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбында насихат жұмыстары жүруде (видео)

Соңғы жылдарры отбасындағы  түрлі мәселелерден туындаған шиеленіс, ұрыс-керістердің соңы күйеуінің әйеліне қол көтеріп, арты ауыр жағдайға алып келіп жатқаны жасырын емес. Құқық қорғау органдарының берген мағлұматына сай мұндай жағдайлар оңтүстік облыстарда жиі орын алатын көрінеді. Осыған орай, Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша биылғы жылдың 13 қараша күні Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы шекарасында «Тұрмыстық зорлық — зомбылық» және адам саудасы құрбандары мәселелері бойынша іс-шаралар ұйымдастыру» тақырыбы аясында ақпараттандыру компаниясы өтті. Нақтырақ айтқанда аталмыш шара қос елдің шекарасында орналасқан «Жібек жолы» және «Майский» бақылау бекеттерінде болған. Айта кету керек ақпараттандыру компаниясының «Сана сезім» әйелдер бастамалық құқықтық орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен жүзеге асып отыр.Сонымен қатар, ақпараттандыру компаниясы барысында психолог, заңгер, нотариустар және 100-ден аса жергілікті тұрғындар қамтылып, «Өміріңіздеге зорлық зобылықты тоқтатыңыз!» тақырыбындағы брошюралар таратылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*