ОҚО-да үш жылда 500-дей елдімекенге көгілдір отын жеткізіледі

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысында 70 елді мекенге  газ құбырлары тартылып, құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жалпы,  өңірде 844  елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға  қол жеткізіп отыр.      Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленіп жатыр. Бүгінгі таңда жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383  елді мекенді газдандыру жоспарланып отырғанын айта кеткен абзал. Бұған қоса, 2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 миллион 720 мың  тұрғынға жеткізу межеленіп отыр.  Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы облысымызда  Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асқан «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан  7 автоматтандырылған газ реттеуші станцияларының құрылыстары жүргізілген болатын.  Соның арқасында бүгінгі таңда, 4-і (Түркістан қ., Иқан е.м., Сайрам ауд., Бәйдібек ауд.,) пайдалануға берілсе, қалған 3-ін (Кентау қ., Отырар ауд., Ордабасы ауд.,) ағымдағы жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*