ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапарымен келді

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин ОҚО-ға сапары барысында делегация мүшелері «Оңтүстік» көліктік-логистикалық орталығының жұмысымен танысты. Қазақстанның еуразиялық көлік-логистикалық хабына айналуы бойынша мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында құрылған «Оңтүстік» көлік-логистикалық орталықтың аумағы 92 гектарды құрайды. Қазіргі таңда аталған аймақта жекеменшік 8 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде «Kazakhstan Logistics group» ЖШС мен «Зерде» НПО ЖШС компаниялары өз жобаларының бірінші кезеңін іске қосты. Бүгінгі таңда іске қосылған қоймалардың жалпы аумағы 18 326 шаршы метрді құрайды. Ал осы жылдың соңына дейін «Continental Logistics Shymkent» ЖШС-нің 20 736 шаршы метр қоймасы мен «Зерде» ЖШС-нің 5 760 шаршы метр қоймасы бар инвестициялық жобасының екінші кезеңі іске қосылмақ. Қалған инвестициялық жобалардың құрылыс-монтаждау жұмыстарының 30 пайызы аяқталып отыр.

Бұдан соң, Асқар Мамин Ордабасы ауданында орналасқан Индустрияландыру картасына енген «Агро V» кірпіш зауытын аралап көрді.  Жоба құны 527 млн. теңгені құрайтын зауыт жылына 25 миллион кірпіш өнімін шығарады. Бұнда 60 азамат жаңа жұмыс орынымен қамтамасыз етілген. Зауыт қысы-жазы жұмыс жасайды. Мұндағы технологиялық құрал-жабдықтар арнайы тапсырыспен Қытай Халық Республикасынан алынған. Жабдықтар көп компонентті қоспалардан жоғары сапалы өнім шығаруға және толығымен автоматтандырылғанның есебінен кірпіштердің геометриялық пішіндерін сақтауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, кірпіштерді күйдіруге арналған пештің елімізде баламасы жоқ.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*