Асқар Мамин Шымкент әуежайының жұмысымен танысты

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин бастаған жұмысшы топ іссапармен Оңтүстік Қазақстан облысына келді. Делегация құрамында ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр,  ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Айбатыр Жұмағұлов, Қазақстан темір Жолы» ҰК» АҚ Президенті Алпысбаев Қанат, «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Ермек Қизатов,  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарходжаев бар.

Ең алдымен Асқар Мамин Шымкенттегі халықаралық әуежайының жұмысын аралап көріп, онда «Шымкент әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Сәкен Мамырбековтың әуежайдың жұмысы туралы баяндамасын тыңдады. Бұдан бөлек, жұмысшы топ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Ж.Түймебаевтың қатысуымен өткен әуежайды қайта құру бойынша жиынға қатысты. 

Шымкент әуежайы 1968 жылы ашылған. «Шымкент» әуежайы шектеусіз әуе кемелерінің барлық типтерін қабылдайтын халықаралық әуежай болып келеді. Әуежай тәулік бойы жұмыс істейтін  кедендік, шекаралық және санитарлық-карантиндік бақылауды толық көлемде қамтамасыз етеді. Бұл жерден Қазақстан Республикасының барлық облыстық орталықтарына, сонымен қатар ТМД елдерінің, алыс және жақын шетелдің қалаларына тұрақты рейстер жүзеге асырылады.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*