ОҚО-да биыл 57 елдімекенді газдандыруға 14 миллиардтан астам қаржы қаралған

Оңтүстікте Қазақстан облысында биыл 57 елді мекен көгілдір отынмен қамтылатын болады. Нәтижесінде облыстағы газдандырылған елді мекендер саны 357-ге жетеді деп күтіліп отыр. Осы  мақсатқа облыстық бюджеттен 14,1 миллиард теңге жұмсалатын болады. Бұл туралы Қызылжар газ тарату стансасының жұмысымен танысқан Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев мәлім етті.             «Соңғы жылдары облыста 7 автоматты газ тарату станцияларының құрылысы  жүргізілді. Құрылыстың жалпы құны — 22,2 млрд. теңге. Оның үшеуі жуырда пайдалануға беріледі. Олар Кентау, Ордабасы, Арыс аудандарындағы газ тарату бекеттері.  Ауылдардағы ішкі құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң іске қосылуға дайын тұрған станция Ордабасы, Отырар аудандарын толығымен газбен қамтамасыз етуге жұмыс жасайтын болады. Осы бекеттерді іске қоссақ, облыстағы солтүстік аудандарды газбен қамту мүмкіндігі ашылады»,-деді Жансейіт Қансейітұлы.

Ал, өткен жылы облыста 25 елді мекенді газға қосу жұмыстары жүргізілген еді. Бұл мақсатқа 13,7 миллард теңге бағытталғанын айта кеткен жөн.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*