Түлкібаста тәулігіне 5 тонна сүт өңдейтін өндіріс орны бар

Түлкібаста Кеңестік кезеңнен қалған сүт өңдеу зауытын жергілікті кәсіпкерлер қайта  құрды. Бұрындары бұл зауыт тәулігіне 120 тонна сүт өнімдерін шығарған екен.  Яғни, кезінде ірі кәсіпорын болып, кейіннен құлдырап кеткен. Сондықтан, қайта қалпына келтіру жұмыстары оңай болмапты. Күрделі жөндеу жұмыстарына несиеге 30 миллион теңге алыпты.

«2014 жыы жұмысымызды бастадық. Алғашында тәулігіне 500 литр сүт өңдейтінбіз. Қазіргі таңда 5 мың литрге дейін өңдеп жатырмыз. Сонымен қатар, сүт өнімдерінің 12 түрін шығаратынымызды айта кеткен жөн. Тұтынушылар өніміміздің таза табиғи, сапасы жоғары екенін енді ұғына бастады. Ешқандай химиялық қоспасы жоқ. Сол себепті, сұраныс жоғары» дейді «Майлыкент-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры .

Кәсіпорынның өңімдері бүгінде өңірміздің өзге аудандары мен Жамбыл облысына тасмалданады. Ал, шикі сүтті жергілікті шаруалардан сатып алады екен. Қысты күні ағарғанның бағасы литріне 115 теңге ге дейін көтеріледі. Сондықтан, болашақта «Майлыкент-сүт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегілер өз шаруашылықтарын құруды жоспарлап отыр. Осылайша, сүт өңдеу класстерін құруды көздейді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*