Түлкібаста тағы бір демалыс орны ашылды

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әрбір өңірдің өз мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, кәсіпкерлікті дамыту, жұмыс орындарын ашу жөніндегі тапсырмасына орай, тау бөктерінде орын тепкен  Түлкібас ауданы, Керейт ауылында отбасылық демалыс орталығы ашылды.
Тау бөктеріндегі тамаша табиғат аясында орналасқан орталық бір мезетте 1000 адамды қабылдай алады.  Орталықта балалар демалыс орталығы, бассейн, қонақ үй, мейрамхана мен тапшандар орналасқан.  Сонымен қатар, 35 адамды жаңа жұмыспен қамтып отырған орталықтың құрылыс жұмыстарына 2 млрд теңге қаржы жұмсалғанын айта кету керек.
Демалыс орталығының ашылуында аудан әкімінің орынбасары М.Жанесен, орталықтың директоры А.Красненков сөз сөйлеп, аудан аумағында туризм кластерін дамыту мақсатында құрылған нысанның ашылуымен барша жұртты құттықтады.
Нысанның ашылуына еліміздің өнер жұлдыздары өнер керсетіп, кеш соңы мерекелік от шашумен ақталды.
Осылайша, таза ауасының өзі жанға шипа Түлкібас өңірінде жыл сайын сауықтыру мен демалыс орталықтары ашылып, келуші саяхатшылар  саны артуда.
Дереккөз: ontustik.gov.kz

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*