Түлкібаста «қымызмұрындық» этнофестивалі өтті

Халқымыздың емге шипа, бойға қуат беретін ұлттық сусындардың бірі қымыз. Қымыз — ерекше дәмді, құнарлы, жан сарайынды ашатын, хош иісті және өте сіңімді сусын.
Осы мақсатта тау бөктерінде орналасқан Түлкібас ауданы, Кемербастау ауылында аудан әкімдігі мен облыстық әдеп-ғұрып және салт дәстүр орталығының ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласына орай халқымыздың ұмытылуға айналған қымыз ашыту, баптау өнерін дамыту мақсатында «Қымызмұрындық» этнофестивалі ұйымдастырылды. Фестивальде көк шалғын тамаша табиғат аясында киіз үйлер тігіліп, ұлттық салт-дәстүрлерден көрме қойылып, жастар арасында тай жарысы, асық ойыны, алты бақан ойындары ойнатылды. Фестивальге жергілікті тұрғындар жылқы сүтінен қымыз өндіріп жүрген 5 отбасы қатысып, бақтарын сынады.Фестивальде ұлттық ойындардан жеңімпаз атанғандар мен қымызды сауып, сабаға құйып, ашытып, қазылар алқасы үздік деп танылған отбасылар алғыс хаттармен сый –сияпатпен марапатталды. Шара барысында жігіттер жағы қымыз ішуден сайысқа түсіп, думанның көркін қыздырды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*