ОҚО-да «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 31 миллионнан астам қаржы бөлінбек

Алдағы жылы Сайрам ауданындағы  «Ханқорған» қалашығына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін  31 млн. 436 мың теңге бөлінбек. Биылғы жылға Шымкенттегі  ескі қала орнының аумағында археологиялық  парк-музейі, ашық аспан астындағы музей құру үшін  жобалық сметалық құжаттамасын дайындауға және археологиялық жұмыстар жүргізуге қалалық бюджеттен  100 млн. теңге бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ағымдағы жылы жергілікті бюджет есебінен 38 млн 500 мың теңгеге, ал кәсіпкерлердің есебінен 219 млн 084 мың теңгеге облыстағы сәулет ескерткіштеріне жөндеу жұмыстары, абаттандыру, көгалдандыру инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жүргізілді. Жиын қорытындысымен «Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімдігінің арнайы қаулысы қабыданды.«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында мәдениет саласында жоспарлы жұмыстарды жүргізуді жалғастыруымыз керек. 2018 жылғы 3 сәуірге дейін «Оңтүстік Қазақстан облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі іске асырылатын іс-шаралар үшін қажет ететін қаржы көлемін құрастырып,  ұсынуды қамтамасыз етуі қажет. Осы ретте  қала, аудан әкімдіктері тарихи-мәдени мұра нысандарын анықтауды, есепке алуды, қорғауды, пайдалануды және тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуді тапсырамын», — деді Жансейіт Түймебаев.

Қабылданған қаулыға сәйкес дарынды тұлғаларға  қолдау көрсету, қазақ өнерін насихаттау, әлемдік іс-тәжирібе алмасу мақсатында халық шығармашылығының түрлі жанрлары бойынша жақын және шет елдерге іссапарларға шығу жұмыстары да қарастырылған.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*