Бүгін бұл туралы облыс әкімдігінің кеңейтілген мәжілісінде облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан мәлім етті. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласына орай өңірлік комиссия құрылып, «Қазақстанның киелі жерлері», «Қазіргі заманғы Қазақстандық мәдениет жаһандық әлемде» іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Нәтижесінде өңірлік карта жобасы дайындалып, «Қасиетті Қазақстан» республикалық орталығына облысымыздан 104 нысан ұсынылды. Қазіргі таңда республика бойынша 100 нысан іріктелініп алынса, оның ішіне Оңтүстік Қазақстан облысынан 23 нысан еніп отыр. Қалған 81 тарихи-мәдени ескерткіштер жергілікті маңызы бар қасиетті, киелі жерлердің тізіміне енгізілген. «Шымкент қаласындағы жергілікті маңызы бар Қаратөбе қалашығына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін 31 млн. 436 мың теңге, Қаратөбе қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 40 млн. теңге, Оба патшалық қорымына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу үшін 24 млн. теңге, Қазығұрт тауын тарихи-мәдени орталыққа айналдыру үшін 1 млрд. 513 млн.теңге, Ордабасы тауына 1 млрд. 200 млн. теңге қаржы қарастыру жоспарланып отыр», — деді облыстық мәдениет басқармасы басшысының міндетін атқарушы Асылхан Темірхан.
Ұқсас жаңалықтар
ОҚО-да алғаш рет республикалық шығармашылық кино фестивалі өтуде
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан балалары шексіз әлемде!» республикалық шығармашылық кино фестивалі басталды.ҚР Білім және Ғылым министрлігінің бастамасымен Оңтүстікте алғаш рет ұйымдастырылған шараға министрліктің қосымша білім беруді дамыту орталығының өкілдері мен облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, […]
ОҚО-да «Туған жер» бағдарламасы бойынша 80 жоба жүзеге аспақ
Оңтүстік Қазақстан облысында Елбасы мақаласында айтылғандай, қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру ҚР Президенті әкімшілігі белгілеген жобалық менеджмент тәсілімен жүргізіліп жатыр. Бұл орайда, ұзын сонар жоспар жасау, жобаны жүзеге асыру үшін түрлі мәжілістер, талқылаулар ұйымдастыру […]
Елбасы Оңтүстік Қазақстандағы «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты
Оңтүстік Қазақстанға жұмыс сапары барысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратының алдынан бой көтерген «Қазақ еліне мың алғыс!» монументімен танысты. 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі қарсаңында шымылдығы түрілген […]
Пікір қалдыру