ЛАТЫН ӘЛІПБИІНЕ КӨШУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында 2025 жылдан бастап латын әліпбиіне көшуге кірісу қажеттігін және болашақта барлық саладағы іс қағаздар мен оқулықтар да осы қаріппен жазылуы тиіс екенін нақтылап айтты. Осыған байланысты Елбасы бұл мәселені көтеріп, халық талқысына ұсынды.
Бүгінгі таңда қоғамда әліпбиді ауыстыруға байланысты түрлі пікірлер айтылуда. Мемлекет басшысы қандай да бір саяси бастаманы көтергенде оны жан-жақты бағамдап, зерттеп оның ел үшін тиімділігін айқындағанда ғана тоқтамын айтады.Бүгінгі таңда қоғамдағы көкейкесті мәселе «Латын әліпбиінің тиімділігі» туралы тақырыпта өрбіген басқосуларда түркістандықтар да белсенділік танытуда. Атап айтсақ, кеше «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері» атты тақырыптағы бас қосуда бірқатар үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары мен этно-мәдени орталық өкілдері өз ойлары мен пікірлерін ортаға салды. Өмірден түйген тәжірибесі мол, елге еңбегі сіңген іскер зиялы қауым мен қазыналы қариялар, өнегелі, өрісті әжелер қауымы тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің тұғырлы тарихынан әңгіме қозғап, Қазақстанды өркениет көкжиегіне жетелеген Елбасының сарабдал да салиқалы саясатының өнегелі тұстарынан ой бөлісті.
Жиналғандар: «Біріншіден Латын әліпбиіне өту қазақ тіліне компьютерлік жаңа технологиялар арқылы халықаралық ақпарат кеңістігіне кіруге тиімді жолдар ашылады. Екіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латын графикасын қолданады. Осы тұрғыдан алғанда түркі халықтарымен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасымызды күшейтеді. Осы бағытта да өзінің тиімділігін көрсетеді. Үшіншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік аламыз» -деген тоқтамдарын жеткізді.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*