Ахмет Йешильтепе: Түркі халықтарына ортақ телеарнаның ғимараты Түркістанда орналасуы тиіс

Түркістанда Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі мен Халықаралық Түркі академиясының ұйымдастыруымен «Түркі әлемі және ақпараттық кеңістік» атты халықаралық журналистер форумы өткен болатын. Іргелі шараның екінші кезеңінде  бауырлас елдерден келген журналистер Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2014-жылы Бодрум саммитінде ұсынған түркі дүниесіне ортақ телеарна құру мәселесін жан-жақты талқылады.

 

Форумның екінші кезеңінде «Хабар» агенттігі төрайымының орынбасары Ринат Кертаев  модераторлық етіп отырды. Ал, мінберге «TRT-Avaz» телеарнасының директоры Мұрат Аккоч, бас кеңсесі Брюссель қаласында орналасқан «Eureliz» мәдиа және стратегиялық коммуникациялар компаниясының директоры, журналист Эли Хаджиева, Қырғызстандағы «Khabar» Ұлттық ақпарат агенттігі директорының орынбасары Тынчтык Карымшаков және Түркиялық «NTV» телеарнасының бағдарлама редакторы Ахмет Йешильтепелер сөз сөйледі.

Жиында «TRT-Avaz» телеарнасының директоры Мұрат Аккоч, «Түркі халықтарына ортақ телеарна қай тілде хабар тарататын болады? Қалай қаржыландырамыз? Қаржылық құрылымы қандай болмақ? Телеарнаның ғимараты қайда орналасады» деген сарындағы сұрақтарды тігінен қойды. Бұл тұста модератор Ринат Кертаев «тілдік тұрғыда түрік немесе қазақ демей, «Eurnews-тің жолымен жүрген абзал. Яғни, түркі дүниесіне  ортақ телеарнаның ақпаратын әр ел өз тіліне аударып жеткізсін»деді.

Ал, Түркиялық «NTV» телеарнасының бағдарлама редакторы Ахмет Йешильтепе болса, «түркі халықтарына ортақ телеарнаның ғимараты Түркістанда болуы тиіс. Себебі, мұнда түркі халықтарының пірі Қожа Ахмет Ясауи жатыр» дейді.

 

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*