«Ясауитану» байқауының жеңімпаздары марапатталды

Киелі Түркістан шаһарында аса тартысты өткен «Ясауитану» байқауының екі кезең қорытындысы бойынша Оңтүстік Қазақстан облысынан келген Ажар Қараман бас жүлдені (150 мың теңге) иеленді. Ал, Ақмола облысының өрені Жанат Оқаға бірінші орын (100 мың теңге) бұйырды. Сонымен қатар, екінші орындарға 75 мың теңгелік сыйлықпен қызылордалық хикметші Нұрсұлтан Ақыпбаев пен оңтүстік қазақстандық Роза Сейткұлова марапатталды. Мұнан өзге, жүлделі үшінші орындарға түркістандық хикметшілер Роза Хакимова мен Дияра Мажитова, Ақмола облысынан келген Ділнәр Дәулетхан (50 мың теңге) жайғасқанын да айта кеткен жөн. Сонымен бірге, жүлде қорынан он оқушыға ынталандыру сыйлығы ретінде 20 мың теңгеден сыйақы берілгенін айта кетейік.
«Ясауитану» байқауына қатысқан Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан елдерінен келген оқушылар мен еліміздің түкпір түкпірінен келген сайыскерлер мен шәкірт тәрбиелеген ұстаздарға «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музей әкімшілігі тарапынан алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар тапсырылды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*