«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне оңтүстіктен білімді өнертапқыш оқушылар барады

Оңтүстік Қазақстан облысынан 3750 оқушы облыс әкімдігі және жергілікті ісмер кәсіпкерлердің қолдауымен «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесін тамашалауға мүмкіндік алып отыр. Астанаға жол тартатындардың барлығы да білімді, әрі белсенді жастар. Солардың бірі Шымкент қаласындағы №65 мектептің оқушысы Ш.Егембердиев. Ол жасап шығарған дүние ультрадыбысты сенсорлы робот. Бұл роботтың жол ережесін сақтаудағы мүмкіншілігі зор. Себебі, көліктің алдыңғы жағына орнатып алсаңыз, ақылды құрылғы сізге жол ережесін бұзуға жол бермейді.«ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне баратын Шымкенттегі №87 мектептің оқушылары күн энергиясы арқылы жылыжайды сумен әрі жылумен қамтамасыз етуге болатынын дәлелдепті. Шәкірттердің бұл жобасы өңіріміздің диқандары үшін таптырмас көмек болғалы тұр. Әсіресе ауылшаруашылығы, оның ішінде егін шаруашылығына бейім біздің облысқа мұндай иновациялық жобалар қажет-ақ.


Сонымен қатар, Шымкенттегі №1 мектептің шәкірттері адамдар көп жүретін ғимараттарда электр энергиясын алудың жолын тауыпты. Адамдар еденді басқан сайын, астында орнатылған құрылғы зарядтала береді. Алынған энергия бүкіл ғимаратты жарықпен қамтуға жетеді.

авторы: Алмас Дадабаев

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*