Оңтүстікте 6853 адам сұранысқа ие кәсіптер бойынша қайта даярлау курстарынан өтеді

Оңтүстік Қазақстан облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар Әсия Темірбаева басқарма басшысы түстіктің тілшілеріне биылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының» іске асырылу барысын баяндады. Үш бағыт аясында іске асырылып жатқан жаңа бағдарлама аясында республикалық бюджеттен 10879,6 млн.теңге бөлініп, 64 314 адам қамтылатыны көзделген.

Яғни, бірінші бағыт бойынша (Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету) 2017 жылы 11 437 адамды оқыту көзделсе, 2,5 жыл мерзімде техникалық және кәсіптік білім алуға 4 584 адам ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап жолданбақ. Мұнан бөлек, жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер мен дағдылар бойынша қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 6853 адамды (мамыр, маусым айында) жолдау жоспарлануда.

Ал екінші бағыт (Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту) шеңберінде осы жылы 1500 адамды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға, 2075 адамды шағын несиелеуге қатыстыру жоспарланып, жалпы 3575 адамды қамту қарастырылған. 2017 жылдың 1 мамырына дейін 101 адам кәсіпкерлік негізінде оқуға жолданды.

Үшінші бағыт (Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту) аясында 49302 адамды қамту көзделді. Жыл басынан бергі 4 айда 25 426 Бағдарлама қатысушысына әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді. Оның ішінде, тұрақты және уақытша жұмыспен 35138 адам қамтылатыны жоспарланып, нақты 13 207 адам жұмыспен қамтылды. 5284 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданып, 3005 адам жастар практикасына жіберілді. Сондай-ақ, 6 838 адамды ақылы қоғамдық жұмыстарға жолдау жоспарланып, нақты 3380 адам қоғамдық жұмыс орындарына барды.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*