Азғыруды абырой көретін қазақ қыздары көбейді (видео)

Өкінішке орай, соңғы кездері қазақ қыздары ардан жұрдай болғандай әсер қалдырып жүр. Әсіресе ақ пен қараны ажырата алмайтын жас қыздардың дәмханаларда қорқор шегіп, бір-бірімен сүйісуі сәндік дәстүрге айналған секілді. Сорақысы сол, ол бикештер өз қылықтарынан ұялмайды. Қайта, ұялы телефонының бейне камерасына түсіріп, ғаламторға жүктеп мәз. Осылайша, қоғамның назарын өздеріне қаратып, жұлдыз болғысы келетін сияқты. Осындай да дана халқымыздың «атың шықпаса жер өрте» деген мақалы еріксіз еске оралады.

Бұл видеода өздеріңіз байқағандай жас қыз дөрекі дауыста жігіттерді мерекелерімен құттықтап, сол үшін қасындағы құрбыларымен бірге сырадан сіміріп отыр. Артынша, үш құрбы (видеода байқасыңыз үш қыз отыр) бір-бірімен жеке-жеке сүйісіп, одан соң үшеуі бірге ерін сүйістіреді. Бұ жерде ұят жайлы сөз қозғаудың өзі орынсыз. Себебі, олар бұл видеоны өздерінің инстаграм парақшасына салған.  Бейнетаспа ғаламторда үстіміздегі жылы мамыр айының 12 күні пайда болды.

Бұдан бұрын да ғаламторға нақ осыған ұқсас видео жүктелген болатын. Онда да екі құрбы қорқорды сораптап сорып отырып, бір-бірімен сүйіседі. Қыздардың бұл қылығы әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан үлкен наразылыққа тап болды. Бірақ одан қаймығатын қыздар жоқ. Көпшіліктің қарсы шыққаны қайта буыны әлі қатпаған өрімдей қыздарға ұнайтын секілді.

Мұндай видеолар, ғаламторда алдағы уақытта жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптап кетпесе болғаны деген үрей бар бойымызда. Қорықпай ше? Кімбілсін? Сынықтың тез жұғатын заманында ол да мүмкін. «Ақырын берсін» дейміз амалсыз.

Бірінші болып пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру

Сіздің эл.почтаңыз сайтқа ашық жарияланатын болмайды.


*